20.11.2026, 23:41
Оқиғалар
Шығыс Қазақстанда жол жөндеу кезінде адам сүйектері табылды
Полиция сүйек қалдықтары ер адамға тиесілі екенін мәлімдеді. Оның жеке басы мен өлім себебі анықталып жатыр
Фото: istockphoto.com
Өскемен – Риддер тасжолында жол жөндеу жұмыстары кезінде адам сүйектері табылды. Сүйек қалдықтары Радуга аумағынан анықталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Instagram желісіндегі osa_news_vko парақшасы мәлімдегендей, бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметке сәйкес, қаңқа қалдықтары ер адамға тиесілі.
Полиция марқұмның қолы мен аяғы байланған деген әлеуметтік желідегі ақпаратты жоққа шығарды.
«Қазіргі уақытта танылмаған адамның жеке басын және өлімінің себебін анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – деді полиция.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
20.11.2026, 08:26
Тірідей өртеніп кеткен: Шымкентте бензовоз жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды
