Барлық фактілер Орталық полиция бөлімінде тіркелді
Қарағандылық полицейлер бірнеше сағат ішінде карантин режимін бұзған екі массаж салоны мен саунаны анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
12 тамызда шамамен, сағат 00:25-те Қарағанды қаласының Полиция басқармасына массаж салоны туралы ақпарат түскен. Тексеру барысында массаж салонында қызметкерлер мен тұтынушылардың болғаны анықталды.
«Полицейлер салонның жұмыс істегенін және тұтынушылардың болғанын тіркеген, факт дәлелденді. Шамамен, сағат 4:25-те Гудермесская көшесі бойынша саунада дабыл жүйесі іске қосылды. Тексеріс барысында аталған мекеменің қызметкерлері мен тұтынушылары ұсталды», - делінген хабарламада.
Барлық фактілер Орталық полиция бөлімінде тіркелді. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына тапсырылды.