Қазақстандықтар көрші елдерге 160 тоннаға жуық бензинді заңсыз алып шықпақ болған

Автор: Бақыт Шынар

Осы заңсыз фактілерге қатысты алты жүзге жуық адамға айыппұл салынған

Фото: Ішкі істер министрлігі

Қазақстанның бірқатар облысында көрші елдерге заңсыз бензин тасымалдау фактілері көп тіркелген. Ішкі істер министрлігі рейд жүргізіп, алты жүзге жуық адамға айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазір ішкі істер министрлі мемлекеттік шекарадағы 48 пунктіні күні-түні бақылап отыр.

«Жыл басынан бері көлігіне заңсыз бак орнатқан 595 адам тіркелді. Осы бактер 159,5 тонна бензинді заңсыз алып шықпақ болған», - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.

Заңсыз фактілердің ең көбі Жамбыл облысы, Түркістан облысы және Қостанай облыстарында тіркелген.

Соның ішінде, Жамбыл облысында 386, Түркістан облысында 119 және Қостанай облысында 80 адамға айыппұл салынған.

Айта кетейік, Қазақстаннан көрші елдерге заңсыз бензин тасымалдау фактілері бұған дейін де тіркелген. Мысалы, биыл жазда Шығыс Қазақстан облысынан Қытайға қарай 2 тонна бензинді заңсыз алып шықпақ болған шетелдіктер ұсталған еді.