Олардың бірі 90 жастағы қария
11 тамызда Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары балконға қамалып қалған 89 және 57 жастағы әйелге көмек берді. Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.
«1931 және 1963 жылы туған екі әйел балконда болған уақытта жел тұрып, есігі жабылып қалған екен. Оқиға орнына келген құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен 5-қабаттың терезесінен пәтерге кіріп, балконның есігін ашып берді», - делінген хабарламада.
Балконға қамалып қалған әйелдердің екеуі де медициналық көмекке мұқтаж болмаған.