Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Емделіп жатқандардың ішінен 101 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясынан 22, пневмониядан 8 адамның қайтыс болғаны хабарланды.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 24 865 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 102 бала бар. Стационарларда 4 421 науқас жатыр. 20 444 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 419 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 101 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 94 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.