Қызылорда өңірінде екі бала суға батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Әзірге олардың мәйіті табылған жоқ

Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда өңірінде 10 және 13 жастағы екі бала Сырдария өзеніне суға батып кетті, деп деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 11 тамызда сағат 19:10-да Сырдария ауданындағы Қараөзек стансасындағы дария бойында болды. Облыс орталығында тұратын екі бала белгіленбеген аумақта суға шомылған.

Оқиға орнында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары іздестіру шарасын бастап кетті. Әзірге олардың мәйіті табылған жоқ.