Мәскеудегі саммит қорытындысы бойынша ҰҚШҰ елдері декларация қабылдады

Автор: Алмас Ерсін
Фото: Ақорда

Мәскеуде өткен ҰҚШҰ саммитінің қорытындысы бойынша мүше мемлекеттердің басшылары бірлескен декларация қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап. 

Сонымен қатар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ортақ мүддесіне сай ұжымдық қауіпсіздікті одан әрі нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылды.

Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан басшылары Ұйымның 2026 жылғы қызметінің қорытындысын қарап, алдағы кезеңге арналған басым бағыттарды айқындады.