Алматыда такси жүргізушісі клиенті мен баласын балағаттағаны үшін соттан бір-ақ шықты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Жүргізушіге қатысты сот шешімі шықты

Фото: Видеодан скрин

Алматыда такси жүргізушісі көлігіне отырған әйел адам мен оның баласын балағаттағаны үшін 7 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметінше, көлікке отырған бүлдіршін абайсызда салонды былғап алған. Жүргізуші осыған ашуланып, бейәдеп сөздер айтқан. Тіпті көлік тоқтағаннан кейін де балағат сөздерін тоқтатпаған.

Клиент болған жағдайды телефонына түсіріп алып, полицияға арыз жазды.

«Полиция қызметкерлері жүргізушінің әрекетін құқықтық тұрғыда саралады. Жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен ер адам жеті тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – делінген ПД хабарламасында.

Полиция тұрмыстық жанжал немесе жолаушыға деген наразылық қорлауға және қоғамдық тәртіпті бұзуға себеп болмауы керектігін ескертеді. Оның үстіне, мұндай жағдайларға балалардың куә болуы олардың психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін.