Екінші жәбірленуші ауруханаға жеткізілген
2020 жылдың 10 тамызында Қазиев көшесінде орналасқан «Гранд-Прага» мейрамханасында оқ атылған. Жарақат алған жәбірленушілердің бірі оқиға орнында қайтыс болып, екіншісі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 99-бабы (адам өлтіру) және ҚР ҚК 287-бабымен (атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
Департаменттің хабарлауынша, жедел іс-шаралар барысында болған оқиғаның мән-жайы мен күдіктілер анықталған. Оларды ұстау үшін тиісті шаралар қабылданды.