Не болғаны белгісіз: Шымкентте көпқабатты үйдің жанынан 22 жастағы жігіттің мәйіті табылды (ВИДЕО)
Полиция 22 жастағы жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады
Қайғылы оқиға Шымкенттің орталығында таңертең болған. Жас жігіттің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір полиция мән-жайды анықтап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Шымкентте 16 қабатты тұрғын үйдің кіреберісінен 22 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапқан.
Оқиға таңертең қала орталығында болған. Жігіттің денесі тұрғын үйдің кіреберісі маңынан табылған.
«Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады», - деп мәлімдеді Шымкент қаласының Полиция департаменті.
Полиция әзірге оқиғаның қалай болғанын және оның нақты қай қабаттың терезесінен құлағанын жариялаған жоқ. Сондай-ақ марқұмның осы тұрғын үй кешенінде тұрғаны немесе ол жерге кездейсоқ келгені де белгісіз.
Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға уәде берді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.