«Әпкесін тұншықтырып, басын қабырғаға ұрған»: Жамбыл облысында сіңілісіне торт пісіруді үйреткен әйел одан оңбай таяқ жеді

Автор: Бақыт Шынар

 Анықталғандай, сіңілісі тортты тәтесіне «айтпай» сатқан

Фото: ЖИ

Жамбыл облысы Жамбыл соттары отбасы мүшелері арасындағы жанжалдың ісін қарап, үкім кесті: тәтесінен торт пісіруді үйреніп, оны туысына айтпай, аудан орталығындағы дүкендерге сатқан әйел төбелес шығарғаны үшін 86 мың теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл ауданының соты қараған іс «ұрып-соғу» фактісі бойынша қаралған. Соттың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, екі әйел торт саудасына қатысты төбелескен. Төбелес 2026 жылдың қыркүйегінде орын алыпты.

«Сотталып отырған әйелдің әпкесі, яғни, әкесінің әпкесі сіңілісіне торт пісіруді үйреткен. Бірақ, келісім бойынша сіңілісі әпкесінің рецептісі бойынша пісірген торттарын аудан орталығындағы дүкенге сатпау керек еді. Бірақ, келісімді бұзып, тәттілерді саудаға шығарған. Әпкесіне WhatsApp-та жаман сөздер жазған», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

таяқ жеген әйел төбелестен бұрын мәселені өзара шешу үшін сіңілісінің үйіне барып, күйеу баласы екеуін сөзге тартқан екен.

«Алайда сотталып отырған әйел әпкесінің киімінен ұстап, оны тұншықтырып, жұлқылаған. Басын қабырғаға ұрған. Әйел таяқтан қашып, аулаға шыққан кезде артынан қуып, жағасынан жұлқылаған. Үстіндегі киімінің түймелерін жұлып алған», - деп жазады сот.

Сотта сіңілісі кінәсін ішінара мойындап, әпкесінен кешірім сұраған. бірақ, әпкесі оны кешірмейтінін айтып, соттауды сұраған.

Сот істі қарай келе, әйелдің екі баласы барын ескеріп, оны айыппұлмен жазалаған. Торт үшін төбелескен келіншек енді қазынаға 86 500 теңге айыппұл төлейді.