Шымкентте Өзбекстан азаматтары жүздеген млн теңгенің алтынын Түркияға алып бара жатқан жерінен ұсталды

Автор: Асыл Арман

Алтынның жалпы салмағы – 2,8 келіге жуық

Фото: istockphoto.com

Шымкент әуежайында Өзбекстан азаматтары жүздеген млн теңгенің алтынын Түркияға алып бара жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, 2,8 келіге жуық алтынның құны – 227,8 млн теңге. Сот үкімі шыққанға дейін алтын мемлекет пайдасына тәркіленді.

«Алтынды кедендік бақылаудан жасыру үшін оның бөлшектерін шабадандардың түбіне және жүк қаптамаларына жасырған», – делінген хабарламада.

Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.