Шымкентте екі рет егіз босанған ана дүниеге үшем әкелді
Балалар туған сәттен бастап емделген
Шымкентте екі рет егіз босанған ана дүниеге үшем әкелді. Осылайша, жас отбасындағы бала саны онға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
17 қыркүйекте Шымкент қалалық перинаталдық орталығында үшем кесар тілігі арқылы дүниеге келген. Сәбилердің екеуі - қыз, біреуі - ұл. Альсия, Сафия және Аймұхаммед есімді балалардың туған кезде салмағы аз болып, жансақтау бөлімінде жатқан.
Мерзімінен бұрын туған сәбилерге алғашқы күннен бастап ем қабылдады. Кейін арнайы күтім бөліміне ауыстырылып, дәрігерлердің жіті бақылауында болған. Сәбилердің жағдайы жақсарып, салмақтары біртіндеп артқан. Қазір олардың денсаулығы жақсы, салмақтары екі келіден асып, үйіне шығарылды.
Оларды 7 бауыры күтіп алды. Балалардың анасы үй шаруасымен айналысады, әкесі жеке кәсіпкер.