Павлодар облысындағы Атамекен ауылында жерге опырылған дәретханада қамалып қалған әйелді құтқарушылар аман алып шықты
Павлодар облысында құтқарушылар жерге опырылып түскен сырттағы дәретхананы ұстап тұрып, ішінде қамалып қалған әйелді алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға Атамекен ауылында болған.
Сырттағы дәретхана жерге опырылып, әйелдің ішінде қалып қойғаны туралы хабарлама 112 пультіне түскен.
«Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері конструкцияның одан әрі құлап кетуіне жол бермеу үшін оны ұстап тұрып, есігін бөлшектеп, әйелді сыртқа шығарды», – деп мәлімдеді ведомство.
Құтқарылған әйел медициналық тексеруден өту үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оның қазіргі жағдайы туралы ақпарат жоқ.