Волейбол жарысында шәкіртін ұрған: жаттықтырушының үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Жаттықтырушының қыз баланы аяусыз ұрып жіберген сәтінің видеосы жарияланды

Фото: Видеодан скрин

Павлодарда волейбол жарысы кезінде шәкіртін аямай, бар күшімен ұрған жаттықтырушының үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желіде тараған видеоны назардан тыс қалдырған жоқ.

«Волейбол командасының кәмелетке толмаған қатысушысына жаттықтырушының күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жаттықтырушының әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы полиция басшылығының бақылауында», – делінген Павлодар облысының Полиция департаменті агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкенттен барған ұжымның бас бапкері осы ісі үшін жұмысынан қуылғаны хабарланды.