Оқиға видеоға түсіп қалған
Ақтауда Hyundai Tucson автокөлігі толық жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Оқиғаны Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады.
26 қазанда Instagram желісіндегі 112_aktau парақшасында Ақтаудағы көлік өрті түсірілген видео жарияланды.
Оқиғаның мән-жайын Lada.kz басылымына Маңғыстау облысы ТЖД өкілдері баяндаған.
Ведомствоның мәліметінше, көліктің өртенгені туралы хабарлама 26 қазанда сағат 13:29-да түскен. Hyundai Tucson автокөлігі 32А шағынауданында, салынып жатқан Aqbosaga тұрғын үй кешенінің маңындағы жолда болған.
Өрт сағат 13:40-та сөндірілді. Оқиға орнына сегіз қызметкер мен екі арнайы техника жұмылдырылған.
ТЖД мәліметінше, көлікке көлемі 45 литр болатын газ баллонды жүйе орнатылған.