Алматыда көшенің ортасында жеңіл автокөлік өртенді (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Алматының Алмалы ауданында көлік өртеніп, өрт сөндірушілер жалынды жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр

Фото: ҚР ТЖМ видеосынан скриншот

Алматыда жеңіл автокөлік өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігі өртті сөндіру сәтінің бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның Telegram-арнасындағы мәліметке сәйкес, көлік Алмалы ауданындағы Тлендиев көшесінде өртенген.

Өрт сөндірушілер жалынды ауа-механикалық көбік көмегімен жедел сөндірді.

«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп мәлімдеді министрлік.

Төтенше жағдайлар министрлігі көлік құралдарында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды еске салады.