«Бір-бірден сатып отырған»: Ақмола полициясы 77 жылқы ұрлаған әкесі мен ұлының қолын қайырып, кісендеп әкеткен (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Олар 37 жылқыны сатып үлгерген көрінеді

Фото: скриншот

Ақмола облысының полициясы 77 жылқыны айдап әкетті деген күдікпен егде жастағы ер адам мен оның ұлын ұстап әкеткен. Полиция олардың ұсталған сәтінен видео көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін де хабарлағынымыздай, бұл іс мамырда басталған. Ерейментау ауданында тұратын адам 77 жылқысының жоғалғанын айтып, арыз түсірген.

Арада бес ай өте полиция күдікті ретінде видеодағы ер адам мен оның ұлын ұстап отыр.

«Тергеуд 77 жылқыны ұрлады деген күдікпен Степногорск қаласында тұратын әкелі-балалы екі адамды ұстады. Тергеу мәліметтері бойынша, осы жылдың көктемінде олар Ерейментау ауданынан Степногорск қаласына ұрланған малды көлікке салып, алып кеткен. . Жылқыны қала сыртындағы қорасына қамап, бір-бірден сатып отырған», - деп хабарлайды полиция.

Бес ай ішінде олар 37 жылқыны сатып үлгерген екен. Осылайша 25 млн теңгеден астам пайда көрген. Ал пышақтан аман қалған 40 малды иесі алып кеткен.