«Мұғалімге тап берген»: 16 жастағы оқушы мектепке балта алып келіп, шабуыл жасаған (ВИДЕО)

Оқиға  Малайзияда болған

«Мұғалімге тап берген»: 16 жастағы оқушы мектепке балта алып келіп, шабуыл жасаған (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Малайзияның Кучинг қаласындағы мектептердің бірінде 16 жастағы оқушы мұғалімге балтамен шабуыл жасаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy Тhe Irish Sun агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар ол әлеуметтік желіде оқушының өзі түсірген видеосы да тараған. Кадрлардан оның мектеп дәретханасында телефонды басына бекітіп, кейін сыныпқа қарай бет алғанын көруге болады.

Шабуылдың салдарынан әйел мұғалім жарақал алып, ауруханаға жеткізілді. Мектеп әкімшілігі оның жағдайы ауыр емес екенін және оның қалпына келіп жатқанын мәлімдеді.

Полицияның мәліметінше, құқық қорғау органдарына таңғы сағат 08:03 шамасында хабар түскен. Алдын ала ақпарат бойынша, оқушы мектепке петарда мен балта алып келген.

Оқиғадан кейін полиция оқушыны ұстады. Мектеп әкімшілігі қауіпсіздік шараларын күшейтетінін мәлімдеді. Сондай-ақ оқушылар мен қызметкерлерге психологиялық қолдау көрсету мәселесі қарастырылған.

Полиция өкілдері тергеу нәтижелері бойынша баспасөз мәслихатын 27 қазанға жоспарлап отыр.