Әкімдік жарылыстың алдын ала себебін айтты
Алматыдағы Esentai City тұрғын үйде жарылыс болып, екі баланың зардап шеккені туралы ақпарат тараған. Қала әкімдігі бұл мәліметті растап, жараланғандардың жағдайы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 22 қазан күні Медеу ауданындағы Қаппаров көшесінде орналасқан үш қабатты үйде болды. Әкімдіктің мәліметінше, газ таралып, артынша жарылысқа ұласқан болуы мүмкін. Қуанарлығы, өрт шықпаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, табиғи газдың таралуы себеп болуы мүмкін.
«Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған екі бала жеңіл жарақат алды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді», – делінген әкімдіктің хабарламасында.
Қазіргі уақытта жауапты қызметтер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда жарылыс болып, бірнеше пәтердің зақымданғаны туралы хабарланған.