Жарылыс салдарынан үш пәтерге зақым келген
Алматыдағы элиталы тұрғын үй кешендерінің бірі – Esentai City-де жарылыс болды. Соның салдарынан бірнеше бала жараланғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жарылыс салдарынан үш пәтерге зақым келген.
Журналист Михаил Козачковтың айтуынша, жарылыстан екі бала зардап шеккен.
«Төтенше жағдайға үйдің жертөлесінен шыққан газ себеп болды», – деп жазды журналист.
Агенттік тілшісі оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігіне сұрау жолдады.