Жалпы 58 бала бір мезетте іші ауырып, ауруханаға түскен болатын
Осыдан тура он күн бұрын Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектептің асханасында тамақтан уланып, ауруханаға түскен оқушылар үйіне шығып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақпаратты редакциямызға Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы растады. Дереккөз жалпы ауруханаға 58 бала түскенін растады.
«Республикалық физика-математика мектебінің 58 оқушысы Алматы қаласындағы Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасына түскен болатын. Олардың бәрі ауруханадан шықты», - деп хабарлайды Денсаудлық сақтау басқармасы.
Айта кетейік, балалар астан уланғаннан кейін мектепте үлкен тексеріс басталып, мектеп уақытша жабылған еді.