Көкшетауда жол апатынан кейін әйел көлігінің ішінде қысылып қалды (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Көкшетау – Атбасар тасжолында екі көлік соқтығысып, 1990 жылы туған әйел көлік ішінде қысылып қалған. Құтқарушылар оны босатып, жедел жәрдемге тапсырды

Фото: ҚР ТЖМ

Көкшетау – Атбасар тасжолында екі жеңіл көлік соқтығысып, 1990 жылы туған әйел көліктің ішінде қалып қойған. Оны құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен босатып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты Көкшетау қаласындағы саяжай алқабы маңында болған.

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шұғыл жеткен. Олар авариялық-құтқару құралдарының көмегімен көліктің бірінің есігін ашып, зардап шеккен әйелді босатқан.

Құтқарушылар азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажет.