Оның «біртүрлі» әрекетін патурльдік полиция байқап қойған
Павлодар облысындағы Ақсу қаласында тракторшы есірткіге мас күйінде қолға түсті. Оның жолдағы қауіпті жүрісін патрульдік полиция байқаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәрігерлер тракторшыны медициналық тексеруден өткізе отырып, оның есірткіге мас екенін растаған. Жалпы, Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, көшедегі патрульдер үнемі рейд өткізіп, күдік тудырған жүргізушілерді тексеріп отырады.
«Кез келген көлік иесіне айтарымыз, жол ережесін бұзбаңыздар, көлікке алкогольді немесе есірткіге мас күйде мүлде отыруға болмайды», - деп хабарлайды Павлодар облысының полиция департаменті.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін хабарлағынымыздай, Атырауда жаңа үйленген жігіттің достары кортеж ұйымдастырып, қарсы жолаққа өтіп кеткен. Өзгелерге қауіп төндірген жастардың бірінде жүргізуші куәлігі болмаған.