Кентаудағы зауыт өртенді: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Автор: Алмас Ерсін

Зауыттың сорғы станциясында трансформатор майының қалдықтары тұтанған. Өрт сөндіріліп, зардап шеккендер жоқ

Фото: pixabay.com

Түркістан облысының Кентау қаласында И. Қожабаев көшесінде орналасқан зауыттардың бірінің аумағында өрт шыққаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, «Ащысай» АҚ еріктілері және тиісті қызметтер жедел жетті.

Оқиға орнына барған мамандар жеке тұрған сорғы станциясының ғимаратында трансформатор майының қалдықтары жанғанын анықтады.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.