Полиция ер адамның кім екенін әлеуметтік желіде тараған видео арқылы тапқан
Астанада көшеде кетіп бара жатқан бойжеткен арсыз ұсыныс жасаған ер адамды полиция қызметкерлері қамап тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция қызметкерлері ер адамның кім екенін әлеуметтік желіде тараған видео арқылы тапқан.
«Тексеру барысында полиция қызметкерлері 42 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Анықталғандай, құқық бұзушы қоғамдық орында азаматшаға тиісіп, өзгелерге анық құрметсіздік танытқан. Аталған факті бойынша ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды», – делінген ПД хабарламасында.
Сот шешімімен ол 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалады.