«Құлдықта ұстаған ба»? Қарағанды облысында үш өзбек азаматын заңсыз жұмысқа тартқан зейнеткер қамалды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Үш азамат та көші-қон заңнамасын бұзған

Фото: полиция

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының полициясы заңсыз жұмысқа тартылған үш өзбек азаматын анықтап, осы іс бойынша ферма қожайынының ұстаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Полицияның мәліметінше, шаруа қожалығын басқарып отырған адамның жасы 64-те, яғни, зейнеткер.

Полиция үш өзбек азаматын сырттан видеоға түсіріп, іске дәлел ретінде тіркесе керек.

«Аудандағы шаруа қожалықтарының бірін тексерген полиция көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған үш азаматты анықтады. Оларды заңсыз жұмысқа тартты деген күдікпен шаруа қожалығының  64 жастағы басшысы ұсталған», - деп хабарлайды полиция.

Қазір іске қатысты тергеу басталған.