Кеше елде ұшақ құлап, 18 адам қаза тапқан еді
Қазақстан Презмденті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты.
«Мен Үндістан үкіметіне, халқына және премьер-министрі Нарендра Модиге Керала штатында бірнеше адамның өмірін жалмаған ұшақ апатына байланысты қайғыра көңіл айтамын», - деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter-парақшасында (ағылшын тілінен аударылды).
Айта кетейік, Үндістанның Керала штатындағы Кожикод қаласында Boeing-737 ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 18 адам қаза тапты. Жүзден астам адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.