Атырау облысының полицейлері 3 жыл бұрынғы қылмыстың бетін ашты

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті планшет пен құлаққап ұрлаған

Махамбет ауданының полицейлері 2017 жылы болған ұрлық қылмысының бетін ашты деп хабарлайды Polisia.kz.

Шұғыл іздестіру жұмыстары барысында тәртіп сақшылары Алмалы ауылдық округінде ұрлық жасады деген күдікпен ер адамды қолға түсірді. Ол Samsung маркалы планшет пен құны 3 000 теңге болатын құлаққапты қолды қылған. Осылайша жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 37 000 теңгені құрады.

Қазіргі таңда полицейлер күдіктінің өзге қылмысқа қатысының бар-жоғын анықтап жатыр.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Махамбет ауданында ұрлық қылмысы өткен жылмен салыстырғанда 62,5%-ға азайған. Соның ішінде, үйге ұрлыққа түсу оқиғалары 90%-ға төмендепті.