Қостанай облысында екі мотоцикл мен КамАЗ соқтығысып, бір адам қаза тапты

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді

Қостанай облысында екі мотоцикл мен КамАЗ соқтығысып, бір адам қаза тапты
Фото: Қостанай облыстық ПД

Қостанай облысында жүк көлігі мен екі мотоцикл соқтығысқан жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға Тобыл қаласындағы Семин көшесінде болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде екі мотоциклмен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан бір адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді», – деп мәлімдеді полиция.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі, деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жолда барынша мұқият болуға және жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.