Өрт бірінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейін таралып, үш адам құтқарылды
Астана қаласы Сарайшық ауданындағы А-52 көшесінде орналасқан 12 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, өрт кабель шахтасынан басталып, бірінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейін таралған. Құтқарушылар баспалдақ арқылы үш адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады.
«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бірінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейінгі кабель шахтасында электр кабелінің жанып жатқанын анықтады. Дереу өртті сөндіру және адамдарды құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Авариялық-құтқару жұмыстары барысында баспалдақ арқылы үш адам, оның ішінде бір бала құтқарылды»«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бірінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейінгі кабель шахтасында электр кабелінің жанып жатқанын анықтады. Дереу өртті сөндіру және адамдарды құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Авариялық-құтқару жұмыстары барысында баспалдақ арқылы үш адам, оның ішінде бір бала құтқарылды», - деп атап өтті Астана қаласы ТЖД ӨСКҚ жедел кезекшісінің орынбасары Жанкелді Қажықұлов.
Өрт 27 шаршы метр аумақта сөндірілді. Жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді.