Қайғылы оқиға 7 қазан күні Республика даңғылында болған
Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласындағы пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 7 қазан күні Республика даңғылында болған. Осыған байланысты полиция қызметкерлері «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері қаза тапқандардың 20 жастағы ұлын күдікті ретінде қолға түсірді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген Қарағанды облысы Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде.
Құқық қорғау органының мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Қосымша мәлімет осыған байланысты жарияланбайды.