Алкоголь өнімін заңсыз сатқан Көкшетау тұрғынынан 800 литр спирт тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол пластик ыдыстарға құйылған алкоголь өнімін аудандарға сатып келген

Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі комитетінің Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері алкоголь өнімін заңсыз сатқан азаматты анықтады.

Көкшетау қаласының тұрғыны 5 литрлік пластик ыдыстарға құйылған алкоголь өнімін Ақмола облысының аудандарына сатқаны белгілі болды.

Тексеріс барысында литрі 1400 теңгеден сатылған жалпы сомасы 1 120 000 теңгені құрайтын 800 литр спирт тәркіленді.

Тәркіленген алкоголь өнімі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін мемлекеттік кірістер органдарына берілді.