Ол қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр
3 тамызда Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына белгісіз адам Ордабасы алаңында орналасқан Тәуелсіздік саябағының көпірінен секіріп, өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
«Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келгенде 18 жастағы қала тұрғыны Тәуелсіздік саябағының көпірінен секіріп, асфальт-бетонға құлап, жарақат алғаны анықталды. Ол аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», - делінген хабарламада.
Аталған жайт ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі (“Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу”) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Сондай-ақ, полиция өкілдері дәл қазір көпірден құлаған адамнан денсаулық жағдайына байланысты жауап алу мүмкін емес екенін айтады.