$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.08.2020, 12:41
Оқиғалар

Петропавлда үй өртеніп, 3 адам мерт болды

Оның екеуі – 9 және 5 жастағы балалар                                           

Петропавлда үй өртеніп, 3 адам мерт болды

Өткен түнде Петропавл қаласының Жұмысшы кентіндегі жер үйлердің бірінде өрт шығып, үш адам ажал құшты, екеуі – 9 және 5 жастағы балалар деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Өрт сөндірушілер келгенде үйдің шатыры жанып жатқан. От көрші үйді де шарпып үлгерген. Мамандар шақыртудың тым кеш түскенін айтады.

«7 тамыз түні сағат екі жарымда 101 қызметіне шақырту түскен. Өртті сөндіру барысында үш адамның мәйіті табылды. Бірі 1988 жылы туған үй иесі болса, екеуі оның балалары болған. Әйелі аман қалды», - дейді СҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі тапартамент бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев.

Тілсіз жау 30 минутта ауыздықталған. Өрт сөндіруге 6 арнайы техника мен құтқару қызметінің жеке құрамынан 19 адам жұмылдырылған.

Өрттің жалпы аумағы 141 шаршы метрді құрады. Үймен бірге қора-қопсы да жанып кеткен. Мамандар от шығуының себептерін анықтап, шығын көлемін есептеуде.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары