Өртті сөндіру үшін 16 өрт сөндіруші келген
Ақмола облысы Щучье қаласында 58 жастағы ерлі-зайыпты өз үйіндегі өрттен қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, өрт кеше, 28 қыркүйек болған.
«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 1968 жылы туған екі адамның мүрдесін тапты. Анықталғандай, ол екеуі осы өртенген үйдің иелері, ерлі-зайыпты адамдар болған», - деп хабарлайды Nayza Kokshe.
Өрт сөндірушілер 90 шаршы метр жерге таралған өртті сөндіріп, істі құқық қорғау органдарына тапсырды.