Семейде түн ішінде аспанға оқ атқан жігіт түрмеге қамалды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Ол мылтық атқан кезде мас күйде болған

Фото: скриншот

Абай облысы Семей қаласында түн ішінде аспанға оқ атқан жас жігіт бес күнге қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Полицияның мәліметінше, бір апта бұрын Семейдегі мейрамхананың жанында оқ атылған. Полиция тексеру бастап, жігітті анықтаған.

«23 қыркүйек күні сағат 02:00 шамасында Момышұлы көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінің маңында мас күйінде болған ер адам сигналдық тапаншадан аспанға екі рет оқ атқан. Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны жедел анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ол Семей қаласының 23 жастағы тұрғыны Никита Боронин болып шықты», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.

Ер адамға қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені, ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін тиісті шаралар қолданылды. Сот қаулысымен ол 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамалған.