Көкшетауда бойжеткен жүріп бара жатқан көліктен секіріп кеткен

Автор: Асыл Арман

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал Әуезов көшесінде болған

Фото: freepik.com

Көкшетауда жүргізушімен жанжалдасқан бойжеткен жүріп бара жатқан көліктен секіріп кетіп, жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал Әуезов көшесінде болған.

«Volkswagen автокөлігі жүріп бара жатқан кезде жүргізуші мен қыз бала сөзге келіп қалған. Жанжал барысында қыз бала жүріп бара жатқан көліктен жатып түскен. Соның салдарынан жарақат алған», – деп хабарлады полиция.

Қыз бала жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған факт Көкшетау қаласы полиция басқармасында тіркелді. Қазір қызметкерлер тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.