Алматыда жер сілкінді: қирандылар мен жараланғандар туралы ақпарат бар ма

Автор: Бақыт Шынар

ТЖМ қаланы түгел тексерген көрінеді

Фото: istockphoto.com

Төтенше жағдайдар министрлігі Алматыдағы жер сілкінісінен кейін өзен-суларды, гидротехникалық ғимараттар мен қаладағы маңызды нысандарды тексерген. Дереккөзге сүйенсек, қирандылар мен жараланғандар жоқ, деп жазады Azattyq Rýhy

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары өзен арналары мен гидротехникалық ғимараттарды тексерген. Сондай-ақ сел жүру қауіпі бар аумақтарды да тексерген.

«Тексеру кезінде бүлінген ғимараттар табылған жоқ. Барлық нысан штатты режимде жұмыс істеп тұр. Қирандылар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ», - деп хабарлайды ТЖМ.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 28 қыркүйек күні Алматыда қауаты 3-4 баллдық жер сілкінісі тіркелген.