Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты толықтырып жатыр
Бүгін, 28 қыркүйек күні Алматыда қуаты 3-4 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Астана уақытымен 09:38-де жер сілкінген. Оның қуаты 3-4 баллға жеткен.
«Алматыдағы қуаты 3-4 балл, Қарасайдағы қуаты 2-3 балл, Боралдай мен Өтеген Батырдағы қуаты 2-3 балл болды», - деп хабарлайды ТЖМ.
Ал Алматы қалалық ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының жедел кезекші бөлім бастығы Ерген Батпасовтың мәліметінше, қазір қосымша ақпарат жиналып жатыр.
«Жер сілкінісін халық сезді. Сейсмология мамандарымен жер сілкінісінің ошағы мен қарқындылығы анықталып жатыр. Тиісті мемлекеттік органдарға хабар бердік», - деп хабарлайды ол.