З адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Байқоңырда бір топ қылмыскер ер адамды ұрлап әкетіп, кепіл ақша талап еткен, деп хабарлайды zakon.kz.
«Байқоңыр» кешенінің прокуратурасының мәліметінше, жергілікті үш тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«4 тамыз күні түстен кейін бір топ қылмыскер Байқоңырдың 6-шы шағынауданындағы көппәтерлі үйлердің бірінде орналасқан пәтерге баса-көктеп кіріп, күштеу құралдарын пайдаланып, ер адамды ұрып-соғып, ұрлап әкеткені анықталды. Жәбірленушіні Янгель көшесіндегі гаражға апарған олар оны ары қарай ұрып-соғып, 1 миллион теңге талап еткен», - деп хабарлады ведомстводағылар.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу ісі қолға алынды.