Тоқаев Каспийде қаза тапқан сарбаздардың туған-туыстарына көңіл айтты

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты», - деп жазады Ақорда.

Тоқаев Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 24 қыркүйек күні Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 19 сарбазды теңіз алып кеткен. Өкінішке қарай, қазіргі сәтке дейін олардың 11-і мерт болғаны белгілі. Үш сарбаз жағаға шығып үлгерген, оның біреуі ауруханаға түсті. Тағы бес адамнан хабар-ошар жоқ. 

Үкімет оқиға орнына вице-премьер Қанат Бозымбаевты жіберді.