Әзербайжан Қазақстандағы ауыр қазаға байланысты көңіл айтты

Автор: Бақыт Шынар

Айта кетейік, Каспийде жоғалған сарбаздардың денесі әлі табылған жоқ

Фото: Lada.kz

Әзербайжанның Срытқы істер министрлігі Каспий теңізіндегі сараздардың қазасына байланысты халыққа көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде сарбаздардың қаза болғанын естіп, қабырғамыз қайысып отыр. Мерт болған сарбаздардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз. Із-түссіз кеткен сарбаздар аман табылады деп үміттенеміз. Ауруханаға түскен сарбаздың жазылып кетуіне тілектеспіз», - деп жазылған Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, ең соңғы мәлімет бойынша Каспийде теңізге кетіп, қаза тапқан сарбаздардың саны 11 адамға жетті. Әлі бес адамнан хабар жоқ.