Оралда құтқарушылар жол апатынан кейін көлікте қысылып қалған әйелді құтқарды

Автор: Алмас Ерсін

Зачаганск кентінде екі көлік соқтығысып, әйел көлік ішінде қысылып қалған

Фото: ҚР ТЖМ

Оралдың шетіндегі Зачаганск кентінде екі жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соқтығыс салдарынан көліктің жүргізушісі салонда қысылып қалған.

Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көлікте қысылып қалған әйелді шығарып алды.

Зардап шеккен әйел жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.