Прокуратура жылдамдықты асыратын жүргізушілерге қарсы күресті күшейткен
Астанадағы ірі көшелердің бірімен сағатына 154 шақырым жылдамдықта жүрген бойжеткен 10 күнге қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Астана прокуратурасы хабарлап отыр. Дереккөзге сүйенсек, 22 жастағы бойжеткен кешқұрым «Ұлы Дала» даңғылында қауіпсіздік ережесін сақтамай, зуылдатқан.
«12 тамыз күні кешкі уақытта 22 жастағы бойжеткен «Kia K7» маркалы көлігімен «Ұлы дала» даңғылы жағынан Айтматов көшесіне қарай сағатына 154 шақырым жылдамдықпен жүрген. Сот қаулысымен ол 10 тәулікке қамалды», - деп хабарлайды бас прокуратура.
Айта кетейік, бұған дейін біз қалада осындай тәртіп бұзғаны үшін ұсталған бірнеше азамат туралы жазған едік.