Жезқазғанда BMW электр желісінің бағанына соғылды: жасөспірім қаза тапты (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Апат салдарынан тағы екі адам ауруханаға жеткізілді

видеодан скрин

Жезқазғанда адам өлімімен аяқталған жол апаты болды. BMW көлігі жолдан шығып кетіп, электр желісінің бағанына соғылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның алдын ала мәліметінше, шетелдік көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмаған. Қатты соққыдан кәмелетке толмаған жолаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Апатқа қатысқан тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы әзірге хабарланған жоқ.

«Алдын ала мәлімет бойынша, BMW жүргізушісі рөлге ие бола алмай, электр желісінің бағанына соғылған. Соның салдарынан кәмелетке толмаған жолаушы оқиға орнында қаза тапты, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді», – деп мәлімдеді Ұлытау облысының полициясы.

Адам өліміне әкеп соққан жол апатына байланысты Жезқазған қаласының полициясы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.