Екі айдан ұзақ ауыратын адамдарға еңбекке жарамсыздық анықтамасы берілетін сырқаттар тізімі өзгереді

Автор: Темірхан Айжан

Құжат «Ашық НҚА» порталына жарияланды 

Фото: iStockphoto

Елімізде екі айдан астам уақытқа еңбекке жарамсыздық анықтамасы берілетін аурулар тізімі нақтыланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, қоғамдық талқылауға шығарылды. Оған қатысты ұсыныстар 5 қазанға дейін қабылданады.

Министрлік қолданыстағы тізімге енгізілген аурулардың атауларымен бірге олардың Халықаралық аурулар жіктемесі бойынша кодтарын көрсетуді ұсынып отыр. Жоба қабылданса, заң талаптарын қолдану тәртібі нақтыланып, ауруларды анықтау кезінде туындайтын түсініспеушіліктер азаймақ. Құжатта өзгерістердің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары болмайтыны айтылған.