Алматы облысының тауларындағы өртті сөндіруге 50-ден астам адам жұмылдырылды

Автор: Алмас Ерсін

Өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы мен 16 техника жұмылдырылды

видеодан скрин

Алматы облысының Қайназар ауылы маңындағы таулы жерде құрғақ шөп өртенді,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Өртті сөндіруге таулы жердің күрделілігі, тік көтерілімдер және өрт ошақтарына апаратын жолдың болмауы кедергі келтірген. Өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы тартылды.

Өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы тартылды. Әуе кемесі жалпы көлемі 54 тонна болатын 18 рет су төкті. Елді мекендерге қауіп жоқ, зардап шеккендер жоқ, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өртті сөндіруге Алматы облысының ТЖД, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары да жұмылдырылды. Барлығы оқиға орнында 50-ден астам адам мен 16 техника жұмыс істеді.

Өрт 13 гектар аумаққа тараған. Өрт оқшауланып, жағдай ТЖМ бақылауында.