Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
Тамыз айының соңында тергеудің аяқталғаны белгілі болды
Ақтаудағы барлардың бірінде ер адам қолына қару алып, тамақ ішіп отырғандардың біріне оқ атқан. Осыған байланысты оған қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Сот үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі – «Бұзақылық» бойынша кінәлі деп танылып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», – деп келтіреді басылым прокуратураның мәліметін.
Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы ойын-сауық орындарының бірінде ер адамға «аңшы сигналы» деп аталатын құрылғыдан бетіне тікелей оқ атылғаны белгілі болған еді. Салдарынан ол жарақат алған. Оқиға видеоға түсіп қалған. Полиция осыған байланысты бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Тамыз айының соңында тергеудің аяқталғаны және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігімен (атыс қаруын қолдану арқылы жасалған бұзақылық) қозғалған қылмыстық істің сотқа жолданғаны хабарланған болатын.
Аталған бап бойынша бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.