Елорда тұрғыны ойын приставкаларын жалға алып, ломбардқа өткізіп отырған

Автор: Azattyq Rýhy

Әзірге оның 7 қылмысқа қатысы бары анықталды

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен 21 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ол «Sony Playstation 4 Pro, Slim» ойын приставкаларын жалға алып, қымбат бағада ломбардқа өткізген.

Ұсталған жас жігіт бұған дейін де сотталған. Қазір оның үстінен тергеу жұмыстары жүргізіліп, алаяқтықтың 7 оқиғасына қатысы бары анықталды. Барлық жағдайда ол ойын приставкаларын заңсыз иемденіп, оны ломбардтарға өткізіп келген.

Ұсталған жігіт қазір уақытша ұстау абақтысында. Полицейлер оның өзге де қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін деп отыр.